384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Киевте тұңғыш рет «Жарқын мұз» фестивалі ұйымдастырылды

  • 487
  • UPD: 15:29, 13.01.2019
Киевте тұңғыш рет «Жарқын мұз» фестивалі ұйымдастырылды

Киевте тұңғыш рет «Жарқын мұз» деп аталатын ерекше фестиваль ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатысушылар айдында Үнді елінің Холи мерекесін атап өтті. Мұндағы мақсат – жаңа жылдың алғашқы айын әсерлі көңіл күймен қарсы алу.

Холи – Үндістанның ашық түсті бояулармен әспеттелетін Ұлттық майрамы. Әдетте, бұл мереке көктемде тойланады. Ел тұрғындары бір-біріне түрлі-түсті бояу ұнтақтарын шашып, көңіл көтереді. Үндінің осы мерекесін жеті жыл бойы Украинада өткізіп жүрген Леонард Григорьев биыл алғаш рет «Жарқын мұз» шарасын Киевте ұйымдастырды. Бір қызығы, түрлі бояулар бұл жолы дәл мұз үстінде шашылып, қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Леонард Григорьев, «Жарқын мұз» шарасының авторы

Жаңа жылды осылайша, тамаша көңіл-күймен қарсы алуды ойладық. Біз жеті жыл бойы Холи мерекесін Украинада ұйымдастырып жүрміз. Мақсатымыз - адамдарды әсемдікке, жақсылыққа жетелеу.

Қыс мезгілінде ұйымдастырылған мерекеде халық бір серпіліп қалды. Әсіресе балалар мәре-сәре. Тұрғындар түрлі сайыстарға қатысып, ән айтып, би биледі.

Блиц 1:

 -Мереке тамаша көңіл-күй сыйлады. Маған бәрі ұнады.

Блиц 2:

Маған тілек айту сайысы ұнады. Көңілді кеш сыйлаған ұйымдастырушыларға рахмет.

Блиц 3:

- Адамдарға қуаныш сыйлағанды жақсы көреміз. Қазақстандықтарға да жаңа жылда тек жақсылық пен махаббат тілейміз. Біз Сіздерді жақсы көреміз!

Түрлі -түсті бояулардан сырт киім бүлінбес үшін арнайы киім үлестірілді. Ал шара аясында қолданылған бояулар адам денсаулығына зияны жоқ. Шара авторы «мұз үстіндегі Холи мерекесін бұдан былай көктем мен жаз айларында ғана емес қыс маусымында да өткізіп тұрамыз», - дейді.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Михаил Мищенко

Хабар 24 телеарнасы