386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ саммитті Вьетнамда өткізуді ұсынды

  • 315
АҚШ саммитті Вьетнамда өткізуді ұсынды

Президент Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын ақпан айының орта шенінде Вьетнамда кездесуі мүмкін.

Бұл туралы «Иомиури» газеті хабарлады. Басылымның хабарлауынша, Вашингтон Пхеньянға осындай ұсыныс жасаған. Бұған дейін екіжақты саммит өткізу орны ретінде Индонезия, Моңғолия және Корея түбегіндегі қарусыздандырылған аймақ та сөз болған. Еске сала кетейік, былтыр маусым айында Сингапурде АҚШ пен Солтүстік Корея басшыларының алғашқы кездесуі өткен. Саммитің нәтижесінде тараптар бірлескен мәлімдеме жасап, Пхеньян ядролық қарудан бас тартуға, ал АҚШ бұл мемлекеттің қауіпсіздігіне кепіл беруге келіскен еді.

Хабар 24 телеарнасы