430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Соңғы бес жылда әлемде 30 мыңнан астам мигрант қаза тапқан

  • 744
  • UPD: 08:19, 14.01.2019
Соңғы бес жылда әлемде 30 мыңнан астам мигрант қаза тапқан

Соңғы 5 жылда әлемде 30 мыңнан астам мигрант мерт болды. Олардың 19 мыңы суға батып опат болған. Мұндай мәліметі Халықаралық миграция жөніндегі ұйым жариялады.

Мамандардың айтуынша, босқындардың жартысына жуығы Солтүстік Африкадан Италияға қарай апаратын Жерорта теңізінің орталық бөлігінде көз жұмған. Ал Солтүстік Америкада 3 мыңға жуық кірме қайтыс болды. Олардың 60 пайызы Мексика мен АҚШ шекарасында қаза тапқан. Ұйым өкілдерінің мәлімдеуінше босқындардың өліміне көбіне нашар қайықтар себеп. Өйткені келімсектер теңізде күтпеген ауа райына тап болады. Мысалы, Жерорта теңізінде 11 мыңнан астам босқынның өлімі туралы дерек өзге мигранттардың айтуымен ғана белгілі болған.

Хабар 24 телеарнасы