389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшадағы Гданьск қаласының мэріне шабуыл жасалды

  • 414
  • UPD: 10:13, 14.01.2019
Польшадағы Гданьск қаласының мэріне шабуыл жасалды

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, қайырымдылық концерт кезінде қаруланған қаскөй сахнаға шығып кетіп, Павел Адамовичқа бірнеше рет пышақ сұққан.

Ауыр жарақатпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген мэрге бірнеше сағат бойы операция жасалды. Мамандардың айтуынша, қазір оның жағдайы мүшкіл. Дәрігерлер жергілікті тұрғындарды қан тапсыруға шақырады. Ал, мэрге шабуыл жасаған күдікті 27 жастағы Стефан есімді қаскөй 2013 жылы банк тонағаны үшін 5,5 жылға сотталған екен. Ауыр психикалық ауытқуы да бар деп танылған көрінеді. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті.

Хабар 24 телеарнасы