423.81 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израиль палестиналық қарулы топқа тиесілі құпия жолды тапты

  • 929
  • UPD: 12:04, 14.01.2019
Израиль палестиналық қарулы топқа тиесілі құпия жолды тапты

Израиль әскері Ливанмен шекаралас жерде «Хезболла» қозғалысының тағы бір жасырын жерасты жолын тапты.

Бұл туралы Израильдің қорғаныс әскерінің баспасөз қызметі хабарлайды. Жақын арада бұл туннельдің де көзі жойылмақ. Осымен Израиль әскерінің Ливан шекарасында бір айдан астам жүргізген арнайы операциясы тамамдалды. Жалпы әскери шара барысында 6 туннель анықталды. Бұған қоса жуырда Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Сирия аумағына жасалған әуе шабуылды өздерінің ісі екенін мойындады. Белгілі болғандай өткен аптаның сенбі күнінде Израильдің әуе күштері Дамаск әуежайындағы Иранның әскери қоймасын әуеден атқылаған. Болжам бойынша, қоймадағы қару-жарақты «Хезболла» қозғалысының мүшелері пайдаланған.

Хабар 24 телеарнасы