386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада алғаш рет пимамен хоккей жарысы өтті

  • 723
  • UPD: 13:09, 14.01.2019

Хоккей ойнау үшін коньки тебе білудің қажеті жоқ. Астанада алғаш рет пимамен хоккей жарысы өтті.

Бұл көрші Ресейде кеңінен етек жайып келе жатқан ойын түрі. Ал елордадағы шараға ондаған адам қатысты. Олардың жасына және шеберлігіне шектеу қойылған жоқ. Тіркеуден өткендер бірнеше командаға бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Қаладағы бұқаралық іс-шаралар өткізу дирекциясы енді бұл жарысты жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымастыруды жоспарлап отыр. Өйткені ол хоккей әуесқойларына мұз айдынға шығып, алғашқы қадамын жасауға мүмкіндік береді. Оның үстіне көп шығынды қажет етпейді. 

Дәулет Хамзин, ұйымдастырушы:

- Хоккей на валенках деген негізі қыс көп болатын жерлерде өтіп жатады. Бізде Астанада өткіземіз деген ойымыз болды. Осыны ары қарай жалғастыру керек. Бұл ойындарға көп шығын керек жоқ.

Хабар 24 телеарнасы