420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ Катардағы әскери базасын кеңейтеді

  • 755
  • UPD: 14:57, 14.01.2019
АҚШ Катардағы әскери базасын кеңейтеді

АҚШ пен Катар дипломатиялық қарым-қатынас құрмақ ниетте. Тараптар америкалық Эль-Удейд әскери базасын кеңейту туралы шешім қабылдады.

Меморандумға осы елдің мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мен Катардың сыртқы істер министрі Доха қаласында қол қойды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, бүгінде әскери базада АҚШ қарулы күштерінің Сирия, Ирак және Ауғанстандағы әскери операцияларына қатысатын 10 мың америкалық жасақ бар. Сонымен қатар Помпео Катарды Парсы шығанағындағы елдермен арадағы кикілжіңді мүмкіндігінше шешуге шақырды. Мәселен, Сауд Арабиясы 2017 жылы Катарды «терроризмді қолдайды» деп айыптап, онымен қарым-қатынасын үзген болатын. Бұдан кейін аймақтағы бірнеше мемлекеттер де Катармен байланысты үзген.

Хабар 24 телеарнасы