384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде жанармай бағасы күрт өсті

  • 365
  • UPD: 17:09, 14.01.2019
Ресейде жанармай бағасы күрт өсті

Жаңа жылдық демалыстан кейін Ресейде жанармай бағасы күрт өсті.

Бұған қосымша құн салығының 2 %-ке және отын акциздерінің 1,5 есеге қымбаттауы себеп. Қазан айының соңында Ресей үкіметі отын бағасын көтермеу жөнінде елдегі он мұнай компаниясымен келісім жасаған. Бұл нарықты тұрақтандыру мақсатында жасалған шара болатын. Сондықтан мұнай өндірушілер қаңтардың біріне дейін бағаны ұстап тұрды. Сарапшылардың пікірінше, баға көктемге дейін тағы да қымбаттауы мүмкін. Себебі, бензин құны түрлі факторларға тәуелді. Атап айтқанда, ресейлік бөлшек сауда секторының саясаты отын бағасына ықпал етеді.  Тәуелсіз отын одағының сарапшылары атап өткендей, жанармайға әділ баға орнату үшін үш негізгі шартқа жүгінген жөн.

Григорий Баженов, Тәуелсіз отын одағының сараптама орталығының жетекшісі:

- Үш негізгі шартқа мыналар кіреді: біріншіден, биржалық механизмді іске қосу. Яғни Ресейде өндірілетін мұнайдың 100 процент көлемі биржа арқылы сатылғаны абзал. Екіншіден, акцизді жою және бөлшек сауда баға мен көтерме бағаны есепке алу.

Хабар 24 телеарнасы