426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вашингтонда жүздеген ұшақ әуеге көтерілмей қалды

  • 674
Вашингтонда жүздеген ұшақ әуеге көтерілмей қалды Podrobnosti.ua

АҚШ-тың орталығы мен шығысындағы бірнеше штатта боран соғып, ауа райы бұзылды.

Салдарынан бірқатар әуе рейсі кейінге шегеріліп, көлік қатынасы қиындады. Мәселен, бір ғана Вашингтонда жүздеген ұшақ әуеге көтерілмеді. Коммуналдық қызметкерлер борап жауған қарды күреп алуға үлгермей жатыр. Ал тұрғындар қыс мезгілін қызықтау үшін жаппай далаға шықты. Вашингтондағы монумент тұсына жиылғандар жабылып қар атыспақ ойнауға кірісті. Шана мен шаңғысын сүйреп шыққандар да қызыққа батты. Өйткені АҚШ-та қалың жауған қар – сирек құбылыс.

Хабар 24 телеарнасы