389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та 30 мыңға жуық ұстаз ереуілге шықты

  • 525
  • UPD: 09:48, 15.01.2019
АҚШ-та 30 мыңға жуық ұстаз ереуілге шықты

Лос-Анджелесте 30 мыңға жуық ұстаз ереуілге шықты.

Олардың қатарында тәрбиешілер де бар. Ашынған жұрт үкіметтен жалақыны көтеруді, сонымен қатар мұғалімдер мен кітапханашылардың санын арттыруды талап етеді. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, аймақта дәл осындай наразылық акциясы соңғы 30 жылда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бұл толқуларға қарамастан, мектептер өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Сонда да көптеген ата-ана балаларын үйінде қалдыруды жөн көрген. Кәсіподақ мүшелері ұстаздардың талабы орындалмай, ереуілді тоқтатпаймыз деп, айтқанынан қайтпай отыр.

Хабар 24 телеарнасы