386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гондурастық заңсыз мигранттардың жаңа керуені құрылмақ

  • 349
  • UPD: 09:48, 15.01.2019
Гондурастық заңсыз мигранттардың жаңа керуені құрылмақ

Гондурастан шыққан заңсыз мигранттардың тағы бір керуені АҚШ аймағына қарай жол тартпақ.

Олардың нақты саны қанша болатыны әзірге белгісіз, алайда арасында балалардың болатыны анық. Жергілікті билік болса, бұған үзілді-кесілді қарсы. Билік өкілдері кәмелет жасқа толмаған балаларды елде қалдыруды талап етіп отыр. Керуеннің жолға шығатын күні де әзірге беймәлім. Болжам бойынша, олардың кезекті сапары осы айдың соңына қарай жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы