384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зимбабведе жанармай бағасы айтарлықтай қымбаттаған

  • 494
  • UPD: 15:10, 15.01.2019
Зимбабведе жанармай бағасы айтарлықтай қымбаттаған retail-loyalty.org

Зимбабведе жанармай бағасы кенеттен 150 пайызға қымбаттады.

Қазір елде бензин 3 жарым доллар тұрса, дизельді отын бағасы 3 доллар 11 центті құрап отыр. Бұл өзгеріс тұрғындар үшін күтпеген жағдай болды. Жергілікті билік жанармай бағасының өсуін заңсыз тауар айналымы мен тұтынушылар санының артуымен байланыстырып отыр. Осыған орай ашынған тұрғындар өз наразылығын білдіріп қала көшелеріне шеруге шығып, тәртіпсіздік орнатты.

Джералд Кхумало, такси жүргізушісі:

– Не болғанын түсінсем бұйырмас. Жанармай бағасы ойда жоқта литріне 3 долларға дейін шарықтап кетті. Жолаушылардан қанша ақша алатынымды білмеймін. Халықтың онсыз да ақшасы жоқ.

Хабар 24 телеарнасы