419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Кенияда лаңкестік шабуыл жасалған қонақүйден 50 адам құтқарылды

  • 650
  • UPD: 08:30, 16.01.2019
Кенияда лаңкестік шабуыл жасалған қонақүйден 50 адам құтқарылды РИА Новости

Кения құқық қорғау органдары Найробидегі лаңкестер шабуыл жасаған қонақүй кешеніндегі адамдарды құтқарып жатыр.

Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып ҚазАқпарат хабарлайды.  

Агенттік таратқан хабарларға қарағанда, атыс болған қонақүй кешенінен 50-ге жуық адам эвакуацияланған. Бұған дейін агенттік орталық ғимараттарында бірнеше жаралы адам қалып қойғанын хабарлаған. Кейбір деректерге қарағанда, қаза тапқандардың саны 15-ке жеткен.

Сейсенбі күні Найробидегі Dusit қонақүй-кеңсе кешеніне лаңкестер шабуыл жасады. Кения ішкі істер министрінің мәлімдеуінше, полиция кешеннің барлық ғимараттарын бақылауына алған, ғимарат аумағын тазарту жұмыстары аяқталар сәтке жақындаған.

Лаңкестікке жауапкершілікті «Әш-Шабаб» радикалды тобы өзіне алып отыр.

Хабар 24 телеарнасы