384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда есірткі тасымалдаған канадалық өлім жазасына кесілді

  • 406
  • UPD: 16:47, 16.01.2019
Қытайда есірткі тасымалдаған канадалық өлім жазасына кесілді

Қытайда заңсыз есірткі тасымалдаған Канаданың азаматы өлім жазасына кесілді.

222 келіден астам метамфетамин затымен ұсталған Роберт Ллойд Шелленбергке Ляонин провинциясындағы Далян халықтық соты осындай үкім шығарды. Оған сәйкес, айыпталушының барлық мүлкі тәркіленді. Шелленберг Гуандун провинциясында Сюй есімді тілмәш арқылы өз сыбайластарына 20 тонна пластик ұнтақтарын берген.

Айта кету керек, бұл – канадалық азаматқа кесілген екінші үкім. Былтыр қараша айында Шелленбергке сот 15 жыл кесіп, 22 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеу жөнінде үкім шығарды. Алайда соттың шешіміне қанағаттанбаған канадалық аппеляциялық шағым түсірген. Ляонин провинциясындағы жоғарғы сот істі қайта қарап үкімнің күшін бұзды. Осы аптада Шелленберг есірткі контрабандасының басты қылмыскері ретінде өлім жазасына кесілді.

Хабар 24 телеарнасы