382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Айдың арғы бетінде мақта өсіп шықты

  • 486
Айдың арғы бетінде мақта өсіп шықты

Айдың арғы бетіне қонған қытайлық «Чанъэ-4» зонды өзінің алғашқы биологиялық тәжірибесін сәтті аяқтады.

Зонд мақта ұрығынан өсіп шыққан өскіндердің фотосуреттерін жіберді. Бұған дейін қытайлық ғалымдар жердің серігінде ауылшаруашылық дақылдарды өсіруді бастайтынын жариялаған. Ғарыш аппаратына мақта, рапс пен картоп тұқымын салып жіберген. Сондай-ақ ғалымдар ашытқы мен ұсақ шіркейлердің жағдайы қалай болатынын жіті бақылауда. Еске салайық, «Чанъэ-4» айдың арғы бетінің фотосуретін жіберген болатын. Болашақта Қытай жер серігінде адамдарды қоныстандыруды жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы