427,07 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шахтыдағы жарылыс: бесінші адамның мәйіті табылды

  • 756
Шахтыдағы жарылыс: бесінші адамның мәйіті табылды vesti.ru

Ростов облысындағы көпқабатты үй қирандылары астынан бесінші адамның мәйіті табылды.

Төтенше жағдайлар басқармасы мәлімдегеніндей, апаттық-құтқару жұмыстары аяқталған. Естеріңізге салсақ, қаңтардың 14-күні Шахты қаласындағы көпқабатты үйдің 9 және 8-қабаты жарылыс салдарынан опырылып түскен еді. Апаттық-құтқару жұмыстары кезінде құтқарушылар қираған пәтерлерден 7 адамды алып шыққан. Сондай-ақ жарылыс болған үйдің қожайыны мен төменгі қабаттағы пәтердегі отбасы мүшелерін іздеген. Өкінішке қарай, ешқайсысы аман қалмады. Бүгін Шахты қаласында қаралы күн жарияланды. Бұл – соңғы екі апта ішіндегі Ресейде болған екінші жарылыс. Желтоқсанның 31-де Магнитогорск қаласында тұрғын үйдің тұтас кіреберісі опырылып, 39 адам қаза тапқан. Мамандардың айтуынша, екі оқиғаға да тұрмыстық газдың жарылуы себеп болған.

Хабар 24 телеарнасы