424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өзбекстан туризмге тұсау болып тұрған дәретхана мәселесін шешуге кірісті

  • 1156
  • UPD: 10:47, 17.01.2019

Өзбекстан туризмнің дамуына тұсау болып тұрған дәретхана мәселесін түбегейлі шешуді қолға алды. Соның негізінде әлемдік стандартқа сәйкес келетін санитарлық орындарды импорттаушы компаниялар 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін кедендік төлемдерден босатылды. Тіпті жергілікті кәсіпкерлерге де түрлі жеңілдіктер ұсынылып отыр. Бұл көрші ел басшысының «Туризм индустриясын дамытуды жеделдету жөніндегі шаралар туралы» жарлығында көрсетілген.

Өзбекстанда туризм саласын дамытудың нақты жоспары бекітілді. Соның негізінде алдағы бес жылда туристердің санын 9 миллионға жеткізу межеленді. Саяхаттап келушілерге көрсететін мәдени және тарихи мұралар баршылық. Бір Ташкенттің өзінде 7 мың 300 ден аса нысан бар. Ең алдымен сол жерлердің инфрақұрлымын дамыту жоспарланып отыр. Оның ішінде туризмге тұсау болып келген дәретхана мәселесі де бар.

Тахир Салиев, Туризмді дамыту жөніндегі мемлекеттік комитет жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы:

- Қазіргі уақытта бұл мәселеге ерекше көңіл бөлініп отыр. Өзбекстанның кез-келген жерінде туристер заманауи санитарлық-орындарды пайдалануға қол жеткізуі керек. Бұл сұрақ бойынша Швейцария, Бельгия, Голландиялық кәсіпкерлер келіп өз жобаларын ұсынды. Қазір бұл мәселелер бойынша шешім қабылдау процесі жүріп жатыр.

Шетел кәсіпкерлерінің ұсынған жобасы толықтай ой елегінен өткізіліп, ең тиімді дегені таңдалмақ. Соның негізінде ел аумағындағы тарихи орындар мен дәмханаларда болашақта соңғы үлгідегі дәретханалар салынады. Осыған байланысты Өзбекстанға заманауи құралдармен жабдықталған дәретхана құрылғыларын импорттаушы кәсіпорындар 2022 жылға дейін кедендік салықтан босатылады. Жергілікті кәсіпкерлерге де бірқатар жеңілдіктер жасалып отыр. Яғни құрылысқа жұмсалған қаржы салық есебінен қысқарады.

Жахонгир Шахабаев, бақылаушы:

- Президент жарлығында дәретханаларды жаңғырту, заман талабына сай жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша көп көңіл бөлініп отыр. Жалпы бұл мәселе Өзбекстан бойынша мықтап қолға алынды.Көпшілік тазалыққа көбірек көңіл бөле бастады. Мысалы өз қаржысын жұмсап күрделі жөндеу жүргізген кәсіпкерге салықтан жеңілдіктер беріліп отыр.

Қанат Жүнісбеков,Twitter@Kanat_Shim

- Өзбекстандағы тарихи орындар мен Туристер көп келетін орталықтардағы дәретханалар қазіргі таңда толықтай әлемдік стандарттарға сәйкестендіріліп жатыр. Киелі орындарға кірерде тазалық ақтаған жөн.Сондықтан дәретханалар салықн және ыстық сумен қамтылған. Сонымен бірге қол сүртетін орамалдары да бар. Шығарда иіс су сеуіп шығасыз. Өзбекстан билігі алдағы уақытта ел аумағындағы күре жол бойынан дәл осындай әлемдік стандартқа сәйкес келетін дәретхана салуды көздеп отыр.

Авторлары: Қанат Жүнісбеков, Зафар Халилов

Хабар 24 телеарнасы