384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тбилисиде көп қабатты үйдегі жарылыстан 4 адам қаза тапты

  • 362
  • UPD: 10:50, 17.01.2019

Грузия астанасы Тбилисиде 9 қабатты тұрғын үйде газ жарылды. Оқиғадан 4 адам ажал құшты. Тағы 8 тұрғын жарақат алған, олардың алтауы бала.

Жарылыстан кейін үйдің алты қабаты қирап, артынша өрт шыққан. Жақын маңда тұрған үйдің терезелері де сынған. Екі үйдің де тұрғындары шұғыл эвакуацияланды. Тұрғындардың айтуынша, күні бойы газдың иісі сезілгендіктен «Қазтрансгаз-Тбилиси» компаниясының мамандары шақырылған. Алайда олар ешбір ақау таппай кеткен көрінеді. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Кінәлілер 6 жылдан 10-жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал, Грузияның премьер-министрі Мамука Бахтадзенің шешімі бойынша елде қаралы күн жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы