389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бразилияда қорғанатын қару сатып алуға жеңілдік жасалды

  • 537
  • UPD: 12:38, 17.01.2019
Бразилияда қорғанатын қару сатып алуға жеңілдік жасалды

Әрбір Бразилия азаматының қорғануға құқығы бар. Осылай деген Бразилия Президенті Жаир Болсонару қару-жарақты сатып алуды жеңілдету жөніндегі бұйрыққа қол қойды.

Ал қоғам белсенділері болса, жаңадан сайланған мемлекет басшысының бұл шешімімен келіспей отыр. Себебі елде қару ұстап, қылмысқа баратындардың саны онсыз да көп. Мәселен, 2017 жылғы статистикалық мәліметтерге сәйкес, Бразилияда 64 мың адам өлтіру дерегі тіркелген. Оның ішінде 43 мың жағдайда оқ ататын қару-жарақ қолданылған. Жалпы Бразилияда 2003 жылдан бері жеке меншік тұлғаларға қару сатуға заңды түрде тыйым салынған. Осыған қарамастан 330 мың адамның шолақ мылтық, револьвер мен винтовка ұстауға ресми рұқсаты бар. Сол себепті халықтың бір бөлігі өзінің қауіпсіздігіне алаңдаулы.

Ал белсенділер пікірінше, қару санының көбеюі адамдардың жеке қауіпсіздігін сақтауға көмектеспейді. Керісінше жағдайды одан сайын ушықтырады.

Хабар 24 телеарнасы