386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақ үйге шабуыл жасамақ болған күдікті қолға түсті

  • 435
  • UPD: 21:33, 17.01.2019
Ақ үйге шабуыл жасамақ болған күдікті қолға түсті

АҚШ-тың Джорджия штатында тәртіп сақшылары Ақ үйге шабуыл жасамақ болған күдіктіні қолға түсірді.

21 жастағы Хашер Джалял Тахибке Вашингтондағы басты резиденциядан басқа Нью-Йорктегі азаттық мүсініне, сонымен қатар Авраам мемориалына және тағы басқа мемлекеттік ғимараттарға шабуыл жасауды жоспарлады деген айып тағылып отыр. Ойындағы жоспарын іске асырып үлгермеген Тахиб Федералды тергеу бюросының жасырын агентінен қару-жарақ сатып алмақ кезінде полицияның қолына түсті. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу ісі басталды. 

Хабар 24 телеарнасы