419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Швейцарияда екі тәртіп сақшысы қардың астында қалды

  • 996
Швейцарияда екі тәртіп сақшысы қардың астында қалды korrespondent.net

Еуропада қалың жауған қардың соңы көшкінге ұласты.

Мәселен, Австрия тауларында қар 7 метрге жеткен. Көшкін салдарынан тау бөктеріндегі қонақүй мен мейрамхана ақ ұлпа астында қалды. Даниядан келген шаңғышылар дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілді. Ал шағын курорттарда мыңдаған адам қар құрсауында қалды. Әсіресе, Зальцбургтегі халық қиын жағдайда. Мұнда 40 мың адам байланысқа шыға алмай отыр. Табиғаттың тосын мінезінен қауіптенген швейцариялықтар таудағы қарды алдын ала төмен түсіріп әлек. Алайда қар көшкіні екі тәртіп сақшысын басып қалды. Бірі оқиға орнында тіл тарптай кетті. Естеріңізге салсақ, қаңтардың 22 күні Давоста дүниежүзілік экономикалық форум өтуі тиіс. Алайда жағдайға байланысты ауқымды шара кейінге шегерілуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы