425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Магнитогорскіде үйінді астынан табылған 11 айлық бала палатаға ауыстырылды

  • 1264
  • UPD: 13:58, 18.01.2019
Магнитогорскіде үйінді астынан табылған 11 айлық бала палатаға ауыстырылды russian.rt.com

Магнитогорскіде үйінді астынан құтқарылған 11 айлық бала реанимациядан палатаға ауыстырылды.

Бұл туралы Ресейдің Денсаулық сақтау министрі Вероника Скворцова хабарлайды.

«Қазір реанимацияда емес, палатада», дейді Ресей министрі.

Оның айтуынша, әйел баласы екеуі жайлы орналасқан.

Бұдан бұрын дәрігерлер баланың үсіп қалған аяғын сақтап қалғанын хабарланған болатын.

11 айлық Иван Фокин үйінді астында 30 сағаттан астам уақыт қалып қойған.

Естеріңізге салсақ, 31 желтоқсан тұрмыстық газ жарылып, салдарынан 9 қабатты үйдің тұтас бір кіреберісі опырылып түсті. 25 пәтер толығымен қирап, 10 шақты пәтерге зақым келген. Құтқарушылар үйінділердің астынан 39 адамның денесін тапты. Оның алтауы бала. Бес адам мен 11 айлық нәресте құтқарылды.

Хабар 24 телеарнасы