432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейде құлаған әскери ұшақтардың пилоттары ажалдан аман қалды

  • 859
  • UPD: 22:49, 18.01.2019
Ресейде құлаған әскери ұшақтардың пилоттары ажалдан аман қалды

Ресейде апатқа ұшыраған «Су-34» әскери ұшақтарының басқарушылары аман-есен табылды. «Су-34» әскери ұшақтары Қиыр Шығыста бір-бірімен әуеде соқтығысқан еді.

Ресейдің қорғаныс министрлігі хабарлағандай, апат оқу-жаттығу кезінде болды. Қос ұшақ та әскери жабдықсыз ұшып келе жатқан. Борттағы екі ұшқыш та дер кезінде секіріп үлгірді. Әуе көліктері Хабаровск пен Сахалиннің арасындағы Татар бұғазына құлаған. «Су-34» — жердегі, әуедегі және судағы нысандарға соққы бере алатын жойғыш-бомбалаушы ұшақ.

Хабар 24 телеарнасы