388,93 435,25 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғарышқа жаңа телескоп жеткізіледі

  • 972
  • UPD: 22:40, 18.01.2019
Ғарышқа жаңа телескоп жеткізіледі

2021 жылға қарай «Джеймс Веб Ғарыш» телескопын ғарышқа жеткізу жоспарланып отыр. Ол жерден 1,5 миллион шақырым қашықтыққа жіберіледі.

Телескоп көмегімен ғарыш кеңістігіндегі нысандарды толық көлемде бақылауға болады. Ашық кеңістікте жақын орналасқан жұлдыздар сәулесін шағылыстыру үшін телескоп арнайы алтынмен апталды. Айта кетерлігі, Джеймс Веб Ғарыш телескопы – НАСА, Еуропа және Канаданың ғарыш агенттіктері бірлесіп шығарған жоба. Осыған дейін 1990 жылы ғарышқа жіберілген НАСА-ның Хабл телескопы галактикаларды анықтап, ғарыш кеңістігінің 95 процентін зерттеген болатын. Алайда Джеймс Веб Ғарыш телескопы астрономия іліміне бұдан да зор үлесін қосуы ықтимал. Сондай-ақ галактикадағы өзге тіршілік иелерінің бар-жоғын анықтауға септігін тигізуі де әбден мүмкін.

Стефен Уилкинс, Сассекс Университетінің профессоры:

- Тұңғыш пайда болған галактикалардың белгілерін табамыз деген үміттеміз. Бірақ Веб телескоп ең алдымен планеталардың атомосфераларын зерттеуге жол ашады. Сәйкесінше телескоп атмосфералардың неден құралғанын және ол жерлерде тіршілік ортасын қалыптастыру мүмкіндігін жан-жақты зерттейді.

Хабар 24 телеарнасы