419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Допингке қарсы агенттік Ресей спортшыларына қатысты мәліметтерге қол жеткізді

  • 1042
  • UPD: 23:52, 18.01.2019
Допингке қарсы агенттік Ресей спортшыларына қатысты мәліметтерге қол жеткізді

Допингке қарсы дүниежүзілік агенттік Мәскеу зертханасындағы жұмыстарын аяқтады. Ұйым өкідері ондағы ресейлік спортшыларға қатысты мәліметтерді тексеруге алды.

Сөйтіп, өткен айда шыққан кикілжің басылды. Еске сала кетейік, Ресей 2015 жылы Допингке қарсы дүниежүзілік агенттіктен шеттетілген болатын. Оған Сочи Олимпидасы кезінде ресейлік спортшылардың жаппай допинг қолдануы себеп болды. Содан жанжал бірнеше жылға созылып, Ресейдің ұйымға мүшелігі тек өткен жылдың қыркүйек айында ғана қалпына келтірілген еді. Бірақ Ресей бұл үшін Мәскеу зертханасындағы мәліметтерді беруге келіскен. Алайда желтоқсан айында Ресей ақпараттарды алуға келген халықаралық мамандарды мекеме ғимаратына кіргізбей қойған.

Хабар 24 телеарнасы