428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сальвадордан АҚШ-қа мигранттар көші аттанды

  • 1094
  • UPD: 08:57, 19.01.2019
Сальвадордан АҚШ-қа мигранттар көші аттанды РИА Новости

Сальвадор тұрғындарынан түзілген жаңа көш АҚШ-қа қарай бет алды.

Жергілікті ақпарат құралдары хабарлағандай, көшке екі жүзге жуық адам қосылған. Олар алдымен Мексикаға жетіп, шекарадағы босқындарға қосылуды жоспарлап отыр. Мигранттардың пікірінше, бұл елдегі қайыршылық пен зорлық-зомбылықтан қашып құтылудың жалғыз жолы.

Айта кетерлігі, бұл – соңғы үш айдың ішінде Оңтүстік Америкадан Солтүстікке қарай бет алған бесінші көш. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп болса шекараны бекіту үшін қорған тұрғызуды көздеп отыр. Бүгінде Гондурас, Гватемала мен Сальвадордан келген бірнеше мың мигрант Мексикадағы шекарада отыр. 

Хабар 24 телеарнасы