417,87 496,90 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мигранттар АҚШ-қа шекарадағы қабырғаның астын қазып өтуде

  • 856
Мигранттар АҚШ-қа шекарадағы қабырғаның астын қазып өтуде

Күтуден төзімі таусылған мигранттар АҚШ аумағына өту үшін түрлі әрекеттерге баруда.

376 босқын шекарадағы қабырғаның астын қазып өтті. Бұл туралы америкалық «АВС» телеарнасы хабарлады. Ақпарға қарағанда, келімсектер 4 метрге жуық қабырғаның астынан 1 жарым метрлік өткел қазған. Содан кейін АҚШ аумағына өткен соң өз еріктерімен шекарашыларға берілген. Айта кетейік, Қазір АҚШ пен Мексика шекарасында өткен күз айларында Орталық және Латын Америкасынан шыққан бірнеше мың мигрант шоғырланған. Себебі президент Трамп бұл елдерден мигранттарды қабылдауды қатаңдатып, шекараны күшейткен. Салдарынан АҚШ-қа заңсыз өту оқиғалары жиілеген.

Хабар 24 телеарнасы