425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кубада такси қызметіне арналған алғашқы мобильді қосымша іске қосылды

  • 1038
Кубада такси қызметіне арналған алғашқы мобильді қосымша іске қосылды

Кубада такси қызметін көрсетуге арналған алғашқы мобильді қосымша іске қосылды.

«Субе» немесе «отыр» деп аталатын қосымшаны жергілікті жас мамандар ойлап тапқан. Таксистер мен жолаушыларды байланыстыратын қосымша тегін. Ол тұрғындардың жүргізушілермен тікелей сөйлесіп, баратын жерін және жол ақысын келісуге мүмкіндік береді. Жаңа қосымша жүргізушілерге де таптырмас қолдау болды. Себебі үкімет көлік дағдарысына байланысты такси жүргізушілерінің төлемдерін, бағыттарын және қанша жанармай сатып алатынын бақылауға алған. Салдарынан көп адам үйренген жұмысын тастап кетуге мәжбүр болған. «Ал мобильді қосымша осыдан туған қиындықтарды жеңуге көмектесті», – дейді олар.

Адель Алонсо, такси жүргізушісі:

– Қосымша біздің кәсібімізге үлкен өзгерістер әкелді. Осының арқасында жұмысымыз жеңілдеп, тиімді бола бастады.

жергілікті тұрғын:

– Мен қосымшаны бірнеше рет пайдаланып көрдім. Өте жақсы ойластырылған. Бұған дейін кей кездері көшеде такси ұстау үшін 40 минут кететін еді. Енді оларды шақыру әлдеқайда тез әрі жеңіл болды.

Жаңа қосымшаның қолданысқа енгізілгеніне 1 айдан асқан. Бірақ ол көптің көңілінен шықты. Тек адамдар сапар үшін төлемді ақшалай беруі керек. Себебі аралды елде әлі күнге дейін онлайн транзакция жоқ.

Хабар 24 телеарнасы