418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та дағдарысқа қарамастан төтенше жағдай енгізілмейді

  • 768
АҚШ-та дағдарысқа қарамастан төтенше жағдай енгізілмейді Life.ru

АҚШ Президенті Дональд Трамп үкіметтік дағдарысқа қатысты елде төтенше жағдай енгізбейді.

Бұл туралы СNN телеарнасы хабарлады. Себебі бұған дейін сарапшылар Ақ үй басшысы бүгін түнде халыққа жолдау жасап, шатдаунға қатысты төтенше жағдай енгізуі мүмкін деп айтып келген. Бірақ ақпарат құралдары Трамп жолдауда демократтарға тек келіссөз бастауды ұсынады деп отыр. Еcке сала кетейік, АҚШ-та желтоқсанның 22-сінен бері кей мемлекеттік органдарды қаржыландыру тоқтатылып, 800 мыңнан астам қызметкер ақысыз демалысқа жіберілген. Оған Трамптың биылғы бюджетке Мексикамен шекарада қабырға тұрғызу үшін 5 жарым миллиард доллардан астам ақша сұрауы себеп. Конгресте басымдыққа ие демократтар бұл жобаға тек 1 миллиард 300 миллион доллар жеткілікті деп, Трампқа қарсылық танытуда.

Хабар 24 телеарнасы