389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лос-Анджелесте мұғалімдердің жаппай ереуілі жалғасып жатыр

  • 571
  • UPD: 09:02, 20.01.2019
Лос-Анджелесте мұғалімдердің жаппай ереуілі жалғасып жатыр

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында мұғалімдердің жаппай ереуілі жалғасып жатыр. Ондаған мың адам қатысқан шараға ата-аналар мен студенттер де қосылған.

Ұстаздар биліктен жалақыны көтеруді, сыныптардағы бала санын азайтуды және мұғалімдер мен кітапханашылар санын көбейтуді сұрауда. Жергілікті әкімшілікпен келіссөз нәтижесіз аяқталды. Себебі Лос-Анджелес билігі ұстаздардың тек кей тілектерін орындауға келіскен. Акцияға қатысушылар болса талаптар толық қабылданбаса, ереуілді жалғастыра беретіндерін айтады. Еске сала кетейік, Лос-Анджелестегі мұғалімдер ереуілі дүйсенбі күні басталған. Бұл осы аймақта соңғы 30 жылда болып тұрған ұстаздардың ең ірі наразылық шарасы.

 

Хабар 24 телеарнасы