Солтүстік Ирландияда сот ғимараты жанында жарылыс болды
- 914
- UPD: 11:29, 20.01.2019

Солтүстік Ирландияда Лондондерри қаласындағы сот ғимаратының алдында тұрған автомобиль жарылды. Бұл туралы Sky News телеарнасы хабарлайды.
Полиция көлікке бомба қойылған болуы мүмкін екенін айтты.
Сондай-ақ жергілікті полиция басқармасы Facebook-те жарылыстан ешкім зардап шекпегенін мәлімдеді. «Біздің білуімізше, зардап шеккендер жоқ», - делінген хабарламада.
Оқиғаның себептері әзірге белгісіз. Сонымен қатар елдің ішкі істер министрі Саймон Коувени Twitter парақшасында болған оқиғаны «теракт» деп атады.