383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Трамп АҚШ үкіметін дағдарыстан шығарудың жолдарын ұсынды

  • 535
  • UPD: 15:27, 20.01.2019

Президент Дональд Трамп бір айға жуық жалғасып келе жатқан үкіметтік дағдарыстан шығудың жолдарын ұсынды. Ақ үй басшысы өз шешімін кеше халыққа жолдауында мәлім етті.

Соған қарағанда президент Мексикамен шекараға дуал тұрғызуға ақша бөлінсе миграциялық мәселеде өзгерістер енгізуге дайын. Оның ішінде бала кезінде АҚШ аумағына өтіп, бірақ азаматтық алмаған 700 мың мигрантқа қатысты жағдай да бар. Трамп 2 жылдан бері бұл бағдарламаны жоюға талпынып келген. Бірақ енді ол бұл жобаны тағы 3 жылға созуға келісетінін айтты. Екінші депортациядан уақытша қорғалған жандарға қатысты. Трамп бұл  бағдарламаны да 2 жылға ұзартуға дайын екенін жеткізді.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Мен қазіргі дағдарыстың тоқтағанын қалаймын. Ол үшін мәселені келіссөз арқылы шешу керек. Бірақ мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шекараға қабырға тұрғызуымыз қажет. Бұл шараның моральдық тұрғыдан қайшы екенін түсінемін. Алайда ол көп адамның өмірін сақтап, елге есірткі тасымалын тоқтатады.

Бірақ демократтар Трамптың ұсыныстары өзекті емес деп, Ақ үй басшысының бастамасынан бас тартты. Олар «мәселені алдымен шатдаунды тоқтатудан бастау керек» дегенді айтады. Ал елде шатдаун желтоқсанның 22-сінен бері жалғасып келеді.

Хабар 24 телеарнасы