386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде 6,7 балдық жер сілкінісі болды

  • 641
  • UPD: 21:05, 20.01.2019
Чилиде 6,7 балдық жер сілкінісі болды

Чилиде 6,7 балдық жер сілкінісі болып, 2 қарт адам қаза тапты.

Дүмпу жергілікті уақытпен түңгі 1 жарымдар шамасында болды. Зілзала ошағы 150 мыңға жуық тұрғыны бар Кокимбо қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 29 шақырымдай жерде 54 шақырым тереңдікте тіркелген. Әзірге табиғат апатынан қираған үйлер мен ғимараттар жөнінде мәліметтер жоқ. Зілзаладан соң цунами қаупі байқалмады. Бірақ билік соған қарамастан жағалауға жақын елді мекендерден тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруді қолға алған.

Хабар 24 телеарнасы