387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда жол апаты ондаған адамның өмірін қиды

  • 465
Боливияда жол апаты ондаған адамның өмірін қиды

Өткен демалыс күндері Боливияда екі ірі жол апаты тіркелді.

Бірінде 13 адам мерт болса, екіншісінде 22 адам жан тапсырды. Тағы 37 жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Қайғылы оқиға Оруро мен Потоси қаласын байланыстыратын таулы жолда болған. Автобустың тежегіші істен шығып, жүргізуші темір тұлпарын басқара алмай құздан құлап кетті. Ал екінші жағдайда жылдамдықты асырған екі жолаушының көлігі бетпе-бет соғылды. Осы оқиғаларға қатысты тергеу ісі басталып кетті.

Хабар 24 телеарнасы