378,36 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гректер Македония Республикасының атын өзгертуге қарсы шықты

  • 930
  • UPD: 09:18, 21.01.2019
Гректер Македония Республикасының атын өзгертуге қарсы шықты

Грекия астанасы Афинада мыңдаған халық ереуілге шықты.

Жиналғандар Скопье мен Афинаның Балқан түбегінде орналасқан Македония Республикасына «Солтүстік Македония» деген жаңа ат беру туралы келісімге қарсылығын білдіріп отыр. Синтагма алаңына жиналғандардың наразылық акциясы полициямен қақтығысқа ұласты. Ашынған жұрт парламент ғимаратына тас пен таяқ лақтырып, көше жолдарында тәртіпсіздік орнатты. Ондаған адам қамауға алынды. Жарақат алғандар да бар. Шерушілерді тарату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ қолданған.

Филиос Ляпис, жергілікті тұрғын:

– Тек бір ғана Македония бар және ол гректердікі ғана. Басқа Македонияның болуы мүмкін емес. Ол бұрыннан келе жатқан гректердің жері, сондықтан көрші елге бірдей атау қою дұрыс емес деп есептеймін.

1991 жылы Югославия тарағаннан кейін Македония тәуелсіздік алған. Сол кезден бері Македония атауына байланысты Грекиямен дау жалғасып келеді. Ал жаңа атқа қатысты өзгерту парламенттегі сайлаудан кейін нақты шешілмек. Дауыс беру келесі аптаға жоспарланып отыр. Жергілікті билік болса, депутаттардың қолдауына ие боламыз деп үміт артып, Солтүстік Македония деген жаңа атпен Еуроодақ пен НАТО құрамына кірмек ниетте.

Хабар 24 телеарнасы