378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлыбританияда аюдың киімін кигендер қала көшелерімен жүріп өтті

  • 293
Ұлыбританияда аюдың киімін кигендер қала көшелерімен жүріп өтті

Ұлыбританияның Кембриджшир графствосындағы Уитлси қаласында ерекше фестиваль өтті.

Дәстүр бойынша таң атысымен сабаннан жасалған аюдың киімін кигендер қала көшелерін аралай бастайды. Музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен тұрғындар ән айтып, би билеп, халықтың көңілін көтереді. Ертеде жергілікті тұрғындар шараға қатысқандарға сыра, темекі немесе сиыр етін беретін. Келесі күні халық сабан киімдерін салтанатты түрде өртеп жібереді екен. Тарихшылардың айтуынша, бұл үрдіс қыстың аяқталуын және астың молшылығын білдіреді. Фестиваль1882 жылы басталып, 1909 жылы ұмыт болған екен. Ал 1980 жылы қайта жанданып, күні бүгінге дейін жалғасып келеді.

Хабар 24 телеарнасы