387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Ирландияда жарылыс ұйымдастырған күдіктілер тұтқындалды

  • 558
  • UPD: 22:21, 21.01.2019
Солтүстік Ирландияда жарылыс ұйымдастырған күдіктілер тұтқындалды

Солтүстік Ирландияның Лондондерри қаласында жарылыс ұйымдастырған күдіктілер тұтқындалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол төрт азамат мина жасырылған көлікті Бишоп-стрит көшесіндегі сот ғимаратының қасында қалдырып, бірнеше минуттан соң жарып жіберген. Зардап шеккендер жоқ. Маңайдағы тұрғындар эвакуацияланды. Жарылысты жаңа Ирландиялық «Республикалық армия» деп аталатын ұйым өз мойнына алған. Тұтқындалғандар осы ұйымның лаңкестері болуы мүмкін. Күдіктілер бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Марк Хэмилтон, Солтүстік Ирландия полиция басшысының орынбасары:

- Өкінішке орай, елдегі қауіптіліктің жоғары деңгейі 10 жылдан бері сақталып келеді. Полиция офицері ретінде кешегі жарылыста құрбандар болуы мүмкіндігін ойлап, алаңдаулымын. Дегенмен, тәртіп сақшылары лаңкестерге қарсы барлық алдын алу шараларын жасап жатыр. Сол себепті тұрғындарды өз қауіпсіздігіне алаңдамауға шақырамын.

Хабар 24 телеарнасы