Екатеринбург қаласының маңында орналасқан Малый Турыш ауылының тұрғындары онлайн платформа арқылы табыс тауып отыр.
Кәсіпорын қызметкерлерінің айтуынша, бастапқы капитал үшін қажет болған 6 млн рубльді краудфандинг компаниясы арқылы жинап алған. Енді балдан жасалған тәтті өнімдерін Мәскеу мен Екатеринбургтегі дәмханалар мен дүкендерге сатып отыр. Бүгінде жылына 20 млн рубль табысы бар кәсіпорында зейнеткерлер де еңбек етеді. Осылайша ауылдағы бар-жоғы 50 адамның тең жартысы жұмыспен қамтылып отыр.