430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2020 жылы ғаламдық интернет-трафик көлемі айына 200 эксабайтты құрайды

  • 982
2020 жылы ғаламдық интернет-трафик көлемі айына 200 эксабайтты құрайды technocontrol

Деректерді басқару – дамуға бастайтын жол. Дүниежүзілік банк өкілдері осылай дейді.

Олар әлем бойынша арнайы зеттеу жүргізіп, жасанды интеллект пен кванттық компьютерлік технологиялардың экономиканың ілгерілеуіне қалай әсер етіп жатқанын анықтаған. Айтуларынша, 2020 жылы ғаламдық интернет-трафик көлемі айына 200 эксабайтты құрайды. Яғни ғаламтор қолданушыларының саны еселеп артады. Жастардан бөлек, ересек адамдар да интернетті жиі қолданатын болады. Бұл – ақпараттық жүйенің дамуына жол ашпақ. Сондықтан мамандар жаңа дәуірге сақадай сай болу керектігін ескертеді.

Прасанна Лал Дас, дүниежүзілік банктің ресми өкілі:

– Деректерді дұрыс қолдана білу керек. Ол үкіметке ғана қажет дүние емес. Жеке тұлғалар да ақпарат алмасу мәселесіне мұқият мән бергені жөн. Қазір ақпарат ағыны толассыз жүріп жатыр. Сол қарқынға ілесу үшін цифрлық технологиялардан шет қалмау керек. Қазақстан дұрыс бағытты таңдап, дамудың озық үлгісін қолданып келеді.

Хабар 24 телеарнасы