382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Т. Мэйдің «Б» жоспарын парламенттегілер қатаң сынға алды

  • 404
  • UPD: 23:15, 22.01.2019
Т. Мэйдің «Б» жоспарын парламенттегілер қатаң сынға алды

Тереза Мэйдің «Б» жоспарын парламенттегілер қатаң сынға алды.

Депутаттар Премьердің жаңа бағдарламасы ескі «Брекситтен» еш айырмашылығы жоқ деп отыр. Тереза Мэй болса, 29 қаңтарда өтетін дауыс беруге дейін өзгертулер мен ұсыныстар енгізгісі келетіндерді тыңдауға дайынмын дейді. Үкімет басшысы Еуроодақтан ешбір келісімсіз шығу бастамасына да үзілді кесілді қарсы. Қайта референдум өткізу тиімсіз деген ұстанымына да берік. 

Тереза Мэй, Ұлыбритания премьер-министрі:

– Қайта референдум өткізу бойынша бұған дейін бірнеше рет өз пікірімді білдірген болатынмын. Біздің парызымыз – бірінші референдумда қабылданған шешімді жүзеге асыру. Тағы бір дауыс беру өткізу елде пікірталас тудыруы мүмкін. Мұндай шара – Біріккен Корольдіктің бірлігін бұзғысы келетіндер үшін таптырмас мүмкіндік.

Хабар 24 телеарнасы