378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО Лондонды Brexit жөнінде ниетін айқындауға шақырды

  • 390
  • UPD: 09:29, 23.01.2019
ЕО Лондонды Brexit жөнінде ниетін айқындауға шақырды

Еуроодақ Ұлыбританиядан одақтан шығу туралы ниетін айқындауды талап етеді. Еурокомиссияның ресми өкілі  осылай деді.

Кеше Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй парламентке Брекситтің балама жоспарын ұсынған еді.  Осыған дейінгі нұсқасын депутаттардың көбісі қабылдамай қойған. Алайда сарапшылардың пікірінше, «Б» жоспарының да алғашқыдан айырмашылығы аз.

Түрлі партия өкілдерімен өткізген басқосуан кейін, Тереза Мэй үкіметі екінші референдум өткізуге, Брексит мерзімін кейінге қалдыруға және Еуроодақтан шығу шарттарын жеңілдетуге бағытталған қосымша келіссөздер жүргізуге қарсы шықты. Парламенттің Қауымдар палатасында Брексит бойынша жаңа дауыс беру 29 қаңтарға белгіленген. Ал Ұлыбритания Еуроодақ құрамынан дәл екі айдан кейін, 29 наурызда шығуы тиіс.

Маргаритис Схинас, Еурокомиссияның ресми өкілі:

- Біз Ұлыбритания парламентінде болып жатқан пікірталасты мұқият бақылап отырмыз. Осы ел басшылығын өз ниетін тезірек айқындауға шақырамыз. Дәл қазір басқа айтарымыз жоқ, себебі Лондоннан жаңалық түскен жоқ. Келісім бойынша мәмілеге келдік, келіссөздерді қайта бастамаймыз. Сол себептен, Ұлыбритания не қалайтынын қашан айтарын күтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы