385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жер дауы. Владимир Путин мен Синдзо Абэ Мәскеуде кездесті

  • 528
  • UPD: 11:36, 23.01.2019

Ресей президенті Владимир Путин мен Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ Мәскеуде кездесті. Тараптар Курил аралдарына қатысты дауды шешу үшін осымен 25-ші рет жүздесіп отыр. Алайда, осы жолы да бір мәмілеге келе алмай, бейбіт келісімге қол қойылмады.

Шара басталмас бұрын шаһардағы жапония елшілік алдында ондаған адам ереуілге шықты. Полиция наразылықтарын білдірген 11 адамды қамауға алды. Екі басшының келесі кездесуі ақпан айына қайта жоспарланды. 

Естеріңізге салайық, Жапония оңтүстікте орналасқан 4 аралды өзіне тиесілі деп естептейді,  ал Ресей  Кеңес Одағы бұл аумақты Жапонияның Екінші Дүниежүзілік соғыстағы ахуалынан кейін заңды түрде алды деп санайды.

Хабар 24 телеарнасы