АҚШ-тың Нью-Йорк штатында мұсылмандар тұратын ауылға шабуыл жасамақ болған 4 адам ұсталды.
Қолға түскен күдіктілер 16 мен 20 жас аралығында. Полицияның хабарлауынша, олар 1980 жылы пәкістандық діндар Мүбарак әли Джилани құрған ауылда лаңкестік жасамақ болған. Тінту барысында күдіктілерден қолдан жасалған бірнеше жарылғыш зат табылды. Қазір оларға қару-жарақ сақтап, қастандық ұйымдастырмақ болды деген айып тағылып отыр. Тергеу жалғасуда.