419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресей мен Түркия Идлибтегі лаңкестермен бірігіп күресуге келісті

  • 1000
Ресей мен Түркия Идлибтегі лаңкестермен бірігіп күресуге келісті Euronews

Ресей мен Түркия Идлиб аймағындағы лаңкестік ұйымдармен бірігіп күресуге келісті.

Мұндай уағдаластыққа екі ел президенттерінің Мәскеуде өткен кездесуінде қол жетті. Басқосуда президент Режеп Тайып Ердоған Түркия шам еліндегі өз әрекетін Ресеймен үйлестіріп отыруды жалғастыра беретінін айтты. Ол сондай-ақ АҚШ Сириядан әскерін алып кеткен соң бұл өңірлерді лаңкестік топтардың пайда болуына жол бермеу керектігін атап өтті. Айта кетейік, Идлиб – қарулы топтардың қолында қалып отырған Сирияның ең үлкен өңірі. 2017 жылы онда солтүстік деэскалациялық аймақ құрылып, оппозициялық қарулы топтардың қоныстануына жағдай жасалған.

Хабар 24 телеарнасы