418,52 493,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та банк ғимаратында атыс болып, 5 адам көз жұмды

  • 869
  • UPD: 14:50, 24.01.2019
АҚШ-та банк ғимаратында атыс болып, 5 адам көз жұмды

АҚШ-тың Флорида штатындағы SunTrust банкінде атыс болып, 5 адам ажал құшты.

Тағы бірнеше адам жарақат алды. Оқиға Себринг қаласында орын алды. 21 жастағы Зефен Ксавер есімді күдікті банк ғимаратына баса көктеп кіріп, тонамақ болған. Ішіндегі адамдарды алдымен кепілге алып, артынша оларға бей-берекет оқ жаудырған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, полиция  қаскөйді қолға түсірген. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмысы басталды.

Хабар 24 телеарнасы