382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО Brexit мерзімін ұзартуға дайын

  • 373
ЕО Brexit мерзімін ұзартуға дайын Wall Street Journal

Еуроодақ Ұлыбританияның одақтан шығу мерзімін кейінге қалдыруға келісуі мүмкін.

Бұл туралы одақтың Brexit бойынша келіссөздердегі басты өкілі Мишель Барнье мәлімдеді. Оның айтуынша, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуының екі жолы бар. Біріншісі – соңғы 18 айда қол жеткен келісім негізінде реттелген тәртіппен шығу. Екіншісі – келісімсіз өз бетімен шығуы. «Брекситке байланысты ең көп мәселе Ирландия мен Солтүстік Ирландия шекарасында туындап отыр», – дейді Мишель Барнье. 

Мишель Барнье, Брексит бойынша келіссөздердегі ЕО бас өкілі:

– Егер Британия мерзімді ұзартуды сұраса, мұны Еуроодаққа мүше 27 елдің басшысы бекітуі тиіс. Олар үш сұрағына жауап болса ғана бұған келіседі: неліктен, қай мерзімге және бұл мамыр айында Еуроодақта сайлау өткізуге кедергі болмай ма? Үшінші сұраққа заң тұрғысынан менде әзірше нақты жауап жоқ. Ең бастысы Брексит мерзімін ұзарту одақтағы демократиялық институттардың басқарылуына қатер төндірмеуі керек.

Хабар 24 телеарнасы