429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карлос Гон Renault басшысы лауазымынан кетті

  • 705
  • UPD: 22:36, 24.01.2019
Карлос Гон Renault басшысы лауазымынан кетті

Nissan және Mitsubishi Motors компанияларының бұрынғы басшысы Карлос Гон енді Renault директоры лауазымынан кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кәсіпкердің басы дауға қалып, өткен жылдың қараша айында Токиода тұтқындалған еді. Топ менеджерге кірісті жасырып, фирманың атынан өзінің жеке шығындарын жапқан деген айып тағылып отыр. Карлос Гон темір торға қамалған соң, оны Nissan-Renault-Mitsubishi концерні басшы лауазымынан мәжбүрлі түрде алып тастаған. Оның орнына Nissan компаниясының атқарушы директоры Тьери Боллоре келеді деп жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы