418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та иттер көрмесі өтеді

  • 909
  • UPD: 08:19, 25.01.2019
АҚШ-та иттер көрмесі өтеді

Америкалық жануарсүйер қауым маусымның ең маңызды шарасы Westminster Kennel Club көрмесіне дайындықты бастап кетті.

Онда биыл алғаш рет иттердің екі жаңа тұқымы қатысатын болады. Олар – голландық коикерхондье және бассет-гриффон тұқымы. Коикерхондье – Нидерландыда 16-17 ғасырларда танымал болған. Ал бассет-гриффон – Франциядан шыққан аңшы ит.

Айта кетейік, көрме осымен 143-мәрте ұйымдастырылып отыр. Иттер олимпиадасына барлығы 50 америкалық штат пен 14 мемлекеттен 300-ге жуық төрт аяқты қатысады. Шара 11-12 ақпанға жоспарланған.  

Хабар 24 телеарнасы