Түркияның оңтүстігінде орналасқан Анталияда жауын араласқан қатты дауыл тұрды.
Салдарынан бір адам көз жұмып, 10-нан астам адам зардап шеккен, деп хабарлайды «Хабар 24».
Тіпті кейбір өңірлерде құйын тұрып, егін мен құрылыстың астан-кестеңін шығарған. Жергілікті басылымдардың ақпарынша, бес қайық суға батып кеткен. Тағы 10 кеме қирап қалған. Сондай-ақ қатты дауыл 20 жастағы қыз басқарып келе жатқан көлікті өзенге ұшырып түсірген. Темір тұлпар судан шығарылды. Ал бойжеткенді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.