418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорктік коллекция жинаушысы тибет мәдениетінің жәдігерлерін АҚШ мұражайына табыстамақ

  • 680
  • UPD: 10:46, 26.01.2019
Нью-Йорктік коллекция жинаушысы тибет мәдениетінің жәдігерлерін АҚШ мұражайына табыстамақ

Нью-Йорктен шыққан коллекция жинаушысы тибет мәдениетінің жәдігерлерін америкалық мұражайға табыстамақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Балалар психологы мамандығының иегері Элис Канделл көп жылдан бері бірегей буддалық артефактілерді жинаумен айналысады. Оның Ист-Сайдта орналасқан пәтеріндегі жәдігерлердің саны жүзден асқан. Онда қоладан жасалған мүсіннен бастап, XVII-XVIII ғасырлардағы туындылар мен маталар да бар. Бұл тек коллекцияның жарты бөлігі ғана. 2011 жылы Элис 250-ден астам жәдігерді Вашингтонда орналасқан Артур Саклердің мұражайына табыстаған.

Элис Канделл, коллекция жинаушы:

Пәтерімнің бұл бөлмесі байлардың үйіне немесе ғибадатхана ұқсайды. Себебі түрлі дәуірге тиесілі артефактілер қойылған. Басқалар мұндай көлемдегі дүниелерді жүз жылдап жинаушы еді. Ал мен жәдігерлерді Тибеттен қашуға мұқтаж болған босқындардан сатып алдым. Әрқайсысы ерекше құнды зат мен үшін.

Хабар 24 телеарнасы